Медициналық авиация қызметтері әртүрлі жағдайларда қажет болады. Әсіресе, алыс арақашықтыққа ауыр науқасты адамды тасымалдау қажет болғанда айрықша өзекті. Жер үсті саяхатын ол көтере алмайды, сонда ұшақ оны бар болғаны бірнеше сағаттың ішінде қажетті орынға жеткізеді.

Бұл көп жағдайлардың бірі ғана. Лондондағы немесе қандай да бір өзге қаладағы Медицинская авиация в Лондонемедициналық авиация шетелде босануға шешім қабылдаған, кеш мерзімдегі жүкті әйелдер, жаңа туылған сәбилері бар аналар, қарт адамдар немесе реабилитациялауға немесе жай ғана демалысқа кетіп бара жатқан мүгедектер үшін қажет болуы мүмкін. Ол апат аумағынан және көптеген өзге жағдайларда зардап шегушілерді алып шығу талап етілетін құтқару операциялары үшін таптырмас айла. Кейде ең қорқынышты жағдайлар орын алып, өзге қалаға адамның өзі емес, оның мүрдесін апару талап етіледі.

Әдеттегі әуе компаниялары мүрделерді айтпағанда, ауыр науқастарды, кеш мерзімдегі жүкті әйелдерді тасымалдауға бел буа бермейді. Осындай кез-келген жағдайларда арнайы жабдықталған жеке ұшақ және санитарлар мен дәрігерлерден тұратын медициналық бригаданың сүйемелі талап етіледі. Мұндай қызметтерді сізге кез-келген сәтте AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы ұсынуға дайын.

 

Медициналық әуе кемелері

Медицинская авиация в ЛондонеAVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы Еуропадағы медициналық тасымалдаулардың көшбасшысы болып табылады. Біздің қоластымызда науқастарды тасымалдауға тікелей арналған санитариялық ұшақтардың орасан көп саны бар. Олардың мүмкіндіктері:

– зембілдер кіре алатын салыстырмалы ауқымды кіру жолы,

– егер бұл талап етілсе, пациентті жылжымайтын күйде бекітуге мүмкіндік беретін медициналық кереует,

– адамның өмірлік қарекетіне қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін арнайы қондырғы,

– алғашқы жәрдемді көрсетуге арналған аспаптар.

Кез-келген мұндай сапар қажетті бейіндегі дәрігермен, медбикемен және санитармен міндетті түрде сүйемелденуі тиіс. Науқастың туысқандары немесе өзге серіктестері үшін орындар бар. Шын мәнінде, мұндай әуе кемелері операцияны ауада да өткізуге мүмкіндік береді. Алайда бұл, әрине, шектен тыс жағдай, бұған жүгіну мүмкіндігі аз.

Әрине, арнайы медициналық кеме барлық жағдайларда қажет бола бермейді. Мысалы, егер қарт адамдардың тобы саяхатқа немесе қажылыққа ұшса, немесе анасы сәбиімен бірге аман-есен босанғаннан кейін туған еліне қайтып келе жатса, онда әдеттегі ұшақ және бір дәрігердің немесе көмекшінің сүйемелдеуі талап етіледі. Адамдардың саяхаттай алатындығы және қалайтындығы жағдайында оларды әдеттегі сапарларға босата бермейтіндігі өте өкінішті. Бұл жағдайда жеке джеттің орнын басар ештеңе жоқ, ол мұндай міндеттерді жеңіл шешуге көмектеседі.

 

AVIAV TM (Cofrance SARL) немен көмектесе алады

 Лондондағы санитариялық авиация қолжетімді және талапты қызмет болып табылады. Басқа қалада немесе тіпті басқа елдегі емханаға науқастарды жеткізу көп жағдайда талап етіледі. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы жан-жақты қолдауға көрсетуге дайын:

  • Қажетті форматтағы ұшақты ұсыну,Медицинская авиация в Лондоне
  • Арнайы медициналық көлікте әуежайға дейін және одан трансферді қамтамасыз ету,
  • Қажетті бағыттылықтағы дәрігердің, медбикенің және санитардың сүйемелдеуін қамтамасыз ету,
  • Барлық саяхаттаушылар үшін визаны және сақтандыруды рәсімдеуге көмектесу,
  • Үздік еуропалық клинкамен шартты бекітуге ықпал ету,
  • Сүйемелдеуші тұлғаларды қоса алғанда барлығы үшін жайлы ұшуға қамқорлық жасаймыз.

Жедел жағдайда өтінімді рәсімдегеннен кейін үш сағаттан соң ұшу мүмкіндігі болады. Осы уақыттың ішінде өзіңіз және науқас үшін заттарыңызды әрең жинап үлгересіз, алайда мұндай шаруада, әрине, асықпаған және ұшаққа алдын-ала тапсырыс берген жөн. Сонда біз сізге ең тиімді бағамен кеменің оңтайлы нұсқасын таңдауға және барлық нюанстарды ескере отырып, саяхатқа жайлы даярлауға көмектесе аламыз.